Димаш Құдайберген жас әншіге продюсерлік етеді

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген шығармашылығында жаңа кезеңді бастап, продюсерлік қызметке кірісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жағымды жаңалықты өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Әнші Hunan TV арнасындағы “Voice Beyond Horizon” жобасының алғашқы жеңімпазы – Нұржас Садырбаевтың продюсері болды. Енді жас әнші Димаштың қолдауымен кәсіби деңгейін жетілдіріп, халықаралық сахнаға шығуға мүмкіндік алады.
“15 жылға жуық мансабымды халықаралық байқаулардан бастап әлем бойынша жеке концерттерге дейін әртіс ретінде ұзақ жолдан өттім. Енді сол тәжірибемді бөлісіп, еліміздің атынан Азиядан Америка құрлығына дейінгі әлемдік ареналарда өнер көрсететін әртіс дайындайтын кез келді!” – деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің халықаралық музыкалық жобасы бір тәулікте 102 миллион қаралым жинап, рекорд орнатқаны хабарланған еді.
Алтын мен әшекей бұйымдарды қалай ажыратуға болады: Зергер көпшілік біле бермейтін белгілерді атады
Алтынның шынайылығын тек түсіне, жылтырына немесе салмағына қарап анықтау дұрыс емес
19 жастағы Аяжан Еділова қалай қаза тапты: Бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген қылмыстың хронологиясы
Аяжан Еділова бар болғаны 19 жасында кісі қолынан қаза тапты