Ақшаны жинап қана қоймай, көбейтуге болады: Қазақстандықтарға 20,5%-ға дейін пайда әкелетін депозит жайлы не білеміз

Қаржы жинау көпшілік үшін өзекті болғанымен, оны жүйелі түрде салып отыру оңай емес. Көп жағдайда бөлек қойып, “жинақтаймын” деп жоспарланған қаражат күнделікті шығындардың ішінде байқалмай жұмсалып кетіп жатады. Осындай жағдайда қолда бар ақшаны сақтап қана қоймай, оны көбейтетін де жолдар бар екенін білесіз бе? Егер сіз де осы мәселеге жиі тап болсаңыз, бұл материал сізге арналады.
Ақшаны табудан да қиын нәрсе бар – оны сақтап, көбейте білу. Көп жағдайда мәселе қаражатты жұмсап қоюда емес, оны дұрыс жерде сақтамауда жатыр. Осындай кезде депозит тиімді құралдардың бірі ретінде алға шығады. Бүгінде нарықта түрлі ұсыныстар бар. Сондықтан депозитті де дұрыс таңдай білу маңызды. Сонда ғана ол нақты пайда әкеледі.
“Жинаған ақшасын жұмсап қоя беретіндерге керемет тәсіл”
Соңғы жылдары адамдар ақшаны жай сақтағаннан гөрі, оны көбейтудің жолдарын жиі қарастыра бастады. Осы тұста қазақстандықтарға өте керемет шарттар ұсынатын Home Credit Bank-тің “Жинақ Хоум+” депозиті бар.
Бұл депозит ақшасын жинаймын деп жүріп жиі жұмсап қоятындарға да, бастапқыда аз сомадан бастағысы келетіндерге де, жалпы өз қаражатын сенімді жерде тиімді көбейтуді қалайтын кез келген адамға арналған.
Депозит шарттары қарапайым әрі икемді. Салым теңгемен ашылады. Ал бастау үшін үлкен қаражаттың қажеті жоқ. Небәрі 1000 теңгеден бастауға болады. Жоғарғы шегі жоқ, яғни мүмкіндігіңізге қарай кез келген соманы сала аласыз. Бұл кез келген адамға депозитті ашып, аз қаражаттан болсын жинақтауды бастауға мүмкіндік береді.
Алайда маңызды шарт – депозит мерзімі аяқталғанға дейін қаражатты ішінара шешіп алу мүмкін болмайды. Яғни депозит ашқанда белгілі бір мерзімді таңдайсыз және сол мерзім бітпейінше ақшаны ала алмайсыз. Депозит мерзімі 3 айдан 12 айға дейін таңдалады. Әркім өзіне ыңғайлы уақытты белгілей алады. Бұл әсіресе жинап жүрген ақшасын жұмсап қоя беретіндерге тиімді тәсіл. Себебі осылайша қаражатты белгілі бір мерзімге дейін алмай, керісінше, көбейтуге деген ынта пайда болады.
Депозит мерзімі аяқталған кезде ол автоматты түрде ұзартылуы мүмкін. Бірақ бұл міндетті емес, қаласаңыз ұзартудан бас тартуға болады.
Депозитті қалай ашамыз?
- Home.kz қосымшасына кіріңіз;
- "Мен үшін" бөлімі → "Депозиттер" → Сізге қажетті нұсқаны таңдаңыз
Қосымшадан бөлек, Home Credit Bank бөлімшелерінде және терминалдарында, QazPost бөлімшелерінде де ашуға болады.

“Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 20,5%-ға дейін”
Депозиттің тағы бір үлкен артықшылықтарының бірі — жоғары сыйақы мөлшерлемесі. Бұл ақшаны тек депозитке салып қана қоймай, салғаныңыз үшін жоғары мөлшерде пайда табуға көмектеседі.
Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ГЭСВ) 15%-дан 20,5%-ға дейін жетеді. Ал бұл Қазақстандағы банктер арасындағы ең жоғары көрсеткіштердің қатарына кіреді. Әсіресе, 3 ай мерзімге ашылған депозитке — 20,5% мөлшерлеме ұсынылады.
Кестеде әр мерзімге байланысты мөлшерлеме көлемі көрсетілген

Жинақ процесін ыңғайлы ететін тағы бір тұсы – депозитті шектеусіз толықтыруға болады. Ал сыйақы күн сайын есептеліп, капитализацияланады. Яғни пайыздың өзі де табыс әкеліп отырады.
Табысты қалай бақылауға болады?
Пайыздардың қалай есептеліп жатқанын Home.kz қосымшасындағы арнайы есептегіштен біле аласыз. Тіпті қаражат салмас бұрын да, қанша ақшаға қандай мөлшерде сыйақы болатынын алдын ала қарап, жоспарлауға болады. Соның көмегімен депозиттен күтілетін табысты алдын ала есептеп көруге мүмкіндік бар. Арнайы онлайн-калькуляторға салымды қанша айға, қанша теңгеден аударатыныңызды көрсетсеңіз, қосымша пайданы бірден сол жерде шығарып береді.
Одан бөлек, қаражатыңызды салған соң есептеліп отырған сыйақыны білудің басқа да жолдары бар. Мысалы:
- Home.kz қосымшасында депозитті ашып, "Депозиттен келген пайда" бөлімін қарау керек. "Кесте" батырмасын бассаңыз, айлар бойынша есептелген пайыздарды көресіз.
- Қосымшадағы "Менің қаржым" бөліміне кіріп, операциялар тарихынан тиісті шотты және "Депозиттер мен инвестициялар бойынша есептелген сыйақы" түрін таңдайсыз. Сонда толық тарих шығады.
Әр айдың басында есептелген сыйақы туралы хабарлама автоматты түрде келеді.
Қаражатыңыз арнайы қормен сақтандырылады
Қаржылық құралдарды таңдағанда сенімділік те маңызды рөл атқарады. Бұл тұрғыда депозиттің қауіпсіздігіне назар аударған жөн.
Home Credit Bank - тің барлық жинақ салымдары Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры тарапынан 20 000 000 теңгеге дейін сақтандырылған. Бұл салынған қаражаттың қорғалғанын білдіреді.
Қазақстан Республикасының ҚНРДА тарапынан берілген № 1.1.36, 31.12.2025 ж. лицензиясы
"Еркекке айналып, жас қыздармен қатынасқа түседі": Қазақстандық әйелдер түрмедегі былықтарды жайып салды