Қазақстанда тағы бір банкнота жаңартылады

2027 жылы Қазақстанда тағы бір банкнота жаңартылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің мәліметінше, келесі жылы айналымға номиналы 20 000 теңге болатын жаңа банкнота шығарылады. Ал бұрынғысы айналымнан толық шыққанға дейін қатар қолданыста болады.
"Жаңа банкнота дайын, дизайнын да көрсеткенбіз. Алайда банкноттарды өндіру барысы, сондай-ақ банктер мен барлық банкомат желісін дайындау кезеңі бар. Қолма-қол ақша айналымы – оңай үдеріс емес, сондықтан ол келесі жылы, сәл кешірек айналымға енгізіледі. Осылайша, банкноттар қатары толық жаңартылады", – деді Тимур Сүлейменов.

Журналистер ұлттық банк төрағасынан Қазақстанда банкноттар сияқты монеталарды да жаңарту жоспары бар-жоғын сұрады.
"Монеталар бойынша нақты ештеңе айта алмаймын, әзірге бұл жөнінде ешқандай шешім қабылданған жоқ. Қолма-қол ақша айналымына қатысты түрлі жоспарларымыз бар, бірақ әзірге нақты шешім жоқ", – деді Сүлейменов.
Еске салсақ, бұған дейін 2026 жылы Қазақстанда кеңінен таралған екі банкнота қолданыстан шығатыны туралы жазған едік.
"Туысқандарым теріс айналды": 22 жасында христиан дінін қабылдаған қазақ қызы өміріндегі өзгерістер туралы айтты
Мадина: "Кейбір туыстарымыз біздің таңдауымызды қабылдай алмады"
Бірінші қазақша ма, әлде орысша ма: Қазақстанда жарнама мен маңдайшаларды орналастыру тәртібі қандай?
Тіл туралы заңның 21-бабында көрнекі ақпараттың бүкіл мәтіні белгіленген тәртіп бойынша орналастырылатыны жазылған
Оқыңыз