Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ең төменгі жалақы өссе, мобильді аударымдарға қойылатын талап қайта қаралады

ақша

Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі талқыланып жатыр. Осыған байланысты мобильді аударымдарға қойылатын талаптар өзгеруі мүмкін бе, деген сауалға Қаржы министрлігінің өкілі жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазір салық органдары 2026 жылдың бірінші тоқсаны бойынша банк клиенттерінің мобильді аударымдарын тексеріп жатыр. Тексеру мына үш негізгі санатқа сәйкес келетіндерге жүргізіледі:

  • 100 және одан да көп түрлі адамнан аударым түсуі;
  • 3 ай ішінде;
  • жалпы сома 1 020 000 теңгеден асуы.

Соңғы көрсеткіш кездейсоқ алынбаған. Бұл 12 ең төменгі жалақы. 2026 жылы ең төменгі жалақы мөлшері 85 000 теңге.

Жуырда ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Қазақстанда ең төменгі жалақыны 150 000 теңгеге дейін көтеру қарастырылып жатқанын мәлімдеді.

Ал Арнаулы салық режимі әкімшілендіру басқармасының басшысы Ерқанат Шыңберген ең төменгі жалақы өссе, мобильді аударымдарға қатысты шекті сома да ұлғаятынын жеткізді. Айтуынша, оның көлемі шамамен 1 800 000 теңгеге жетуі мүмкін.

Салық органдарының мәліметінше, бұл көрсеткіштер ең төменгі жалақыға тікелей байланысты. Сондықтан ең төменгі жалақы артқан жағдайда, шекті сомалар да қайта қаралады.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін екенін жазған едік.

Нұрила Жұмаділлә
Жұма, 17 Сәуір, 2026 12:35