Елордада жалақысын көтеруді талап еткен коммуналдық қызметкерлер 10 тәулікке қамауға алынған

Астанада "ElordaEcoSystem" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері әлеуметтік-еңбек жағдайдың қиын екенін алға тартып, қызметкерлердің бір бөлігі жұмысқа шығудан бас тартып, еңбекақысын көтеруді талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кәсіпорын қызметкерлерінің бір тобы әкімшілік ғимарат аумағына жиналып, қолданыстағы еңбекақы төлеу шарттарына, атап айтқан 200-300 мың теңге жалақының жетпейтінін айтып, сондай-ақ еңбек қызметіне қатысты кейбір ұйымдастырушылық мәселелерге қатысты наразылыққа шыққан. Алматы полициясының мәліметінше, олардың көбі жүргізушілер мен өндірістік бөлім қызметкерлері.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, наразылыққа шыққан жұмысшыларды полиция ұстап, Байқоңыр аудандық полиция бөліміне алып кеткен деген ақпарат бар. Құқық қорғаушының жазуынша, жұмысшыларға "билік өкіліне бағынбау" бабы бойынша айып тағылған. 8 адам қамалған, тағы 11 адамның әкімшілік соты өтетінін, кейбірінің жұмыстан шығып кеткенін айтты.
Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина қамауға алынған азаматтардың тімізін жасады:
- Қойшыбай Камалов, 667-бап 1-бөлік, 10 тәулік;
- Ержан Әмзин, 667-бап 1-бөлік, 10 тәулік;
- Насредин Әлібаев, 667-бап 1-бөлік, 5 тәулік;
- Ерік Дәметов, 667-бап 1-бөлік, 10 тәулік;
- Қайдар Ысқақов, 667-бап 1-бөлік, 5 тәулік;
- Бекболат Мұкатов, 667-бап 1-бөлік, 10 тәулік.
Наразылыққа шыққан қызметкерлердің бір бөлігі талаптарды орындамайынша өздерінің еңбек міндеттерін орындаудан және жұмысқа шығудан бас тартқан. Салдарынан өндіріс жұмысы тоқтап қалған.
Алматы полициясының Stan.kz редакциясына берген жауабында оқиға орнына жағдайды реттеу жұмыстары жүргізілген.
“Уәкілетті органдар өкілдері қатысушыларға еңбек міндеттерін орындаудан бас тартудың құқықтық салдарын, коммуналдық кәсіпорын жұмысының тұрақтылығын бұзуға жол берілмейтінін, сондай-ақ заңсыз ұжымдық әрекеттерге қатысқаны үшін заңда көзделген жауапкершілікті түсіндірді. Белсенді қатысушылардың қатарынан бұрын жанжалға бейім, наразылық көңіл-күйін қолдауға, басқа қызметкерлерді ереуілдік талқылауларға тартуға және еңбек тәртібін бұзуға бейім 8 тұлға анықталды”, – деп мәлімдеді Алматы полициясы.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға орнында жанжалды жағдайды реттеу кезінде белсенді қатысушылар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған. Соған байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 667-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Департамент сот қаулыларына сәйкес олардың 5-тен 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынғанын растады.
"Өлтіруге болатынын балаларға көрсетуге болмайды": Аружан Саин бұралқы иттерді жоюға қарсы шықты
Оқыңыз