Қазақстанда бастауыш сынып оқушыларының бағалау жүйесі өзгереді
Қазақстанда биыл 2-4 сынып оқушыларының бағалау жүйесі өзгереді. Енді тоқсандық бағада баланың бір реттік бақылау жұмысы емес, күнделікті еңбегі мен оқу барысындағы жетістігі көбірек ескеріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқу-ағарту министрлігі Алматы қаласындағы №159 Ы. Алтынсарин атындағы гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Қалдыгүл Әмірбекованың түсіндірмесін жариялады.
“Бастауыш сынып мұғалімі ретінде 2-4- сыныптардағы бағалау тәсілдеріне енгізіліп жатқан біршама өзгерістерге тоқталып өтейін. Біріншіден формативтік бағалаудың үлесі артады. Бұған дейін оның тоқсандық бағадағы үлесі 25 пайыз болса, енді 50 пайызды құрайды. Бұл өте маңызды деп ойлаймын. Өйткені бастауыш сыныпта баланың бір күнгі нәтижесінен көрі, оның тоқсан бойындағы күнделікті еңбегін, сабақтағы белсенділігін және біртіндеп ілгерілеуін ескеру маңызды. Мұғалім де оқушының нәтижесін жүйелі түрде бақылап, қай тұста қолдау керек екенін дер кезінде көре алады. Екіншіден БЖБ, ТЖБ алынып тасталып, аралық бағалау енгізіледі. Енді әр бөлім аяқталғаннан кейін, сол бөлім бойынша аралық бақылау жүргізіледі. Ал тоқсанның соңында бөлек ТЖБ болмайды. Бұл оқушыға түсетін бағалау жүктемесін азайтады. Бала тоқсан соңындағы бір жұмысқа тәуелді болмай өзінің нәтижесін оқу барысында көрсете алады”, – деді ол.
Маманның айтуынша, бағалау тапсырмаларының мазмұны практикалық бағытқа өзгереді.
“Себебі бастауыш сыныпта баланың ережені жатқа білуі немесе есптің жауабын дұрыс табуы ғана жеткіліксіз. Ол алған білімін қолдана білуі керек. Сондықтан қалған пәндерге диктан, мазмұндама, шығарма, оқу сауттылығына бағытталған тапсырмалармен толықтырылды. Математикада математикалық сауаттылыққа, ал жаратылыстану, дүниетану пәндерінде зерттеу, бақылау, тәжірибе жасау жіне қорытынды шы,ару дағдыларына мән беріледі. Төртіншіден жазбаша жұмыстарды оқушылардың өз дәптерінде орындауы өте маңызды. Бала дайын шаблоннан жауап таңдамайды. Еркін жазады, ойын жеткізеді, есепті шешу жолын көрсетеді. Бұл оның жазу дағдысын калиграфиясын, зейінін және өздігінен жұмыс істеу қабілетін дамытады”, – деп қосты ол.
Қалдыгүл Әмірбекова енді барлық пән бойынша баланың оқу нәтижесі ескерілетінін жеткізді. Айтуынша, цифрлфқ сауаттылық және жасанды интеллект, музыка, бейнелеу өнері, еңбеке баулу, дене шынықтыру пәндерінен де баланың жетістігі пәннің ерекшелігіне сәйкес бағаланады.
“Яғни біз баланың тек академиялық біліміне емес, практикалық, шығармашылық, цифрлық және командалық дағдыларын да көре аламыз. Тағы бір маңызды тұсы тоқсандық бағаның 50 пайызы формативтік, 50 пайызы аралық бағалау нәтижесінен құралады. Осылайша баланың күнделікті еңбегі мен бөлімді меңгеру нәтижесі тең дәрежеде ескеріледі. Модерация жүргізілмейді. Сол уақыт аралығында мұғалім жұмысын тиімді пайдалана отырып, баламен жеке жұмыс істеуге уақыт жұмсап, шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік береді. Жалпы бастауыш мұғалімі ретінде жаңа тәсілдің артықшылығы бағалаудың баланың бір реттік нәтижесіне емес, оқу барысындағы ілгерілеуіне бағытталуынан көремін. Біздің міндетіміз балаға тек баға қою емес, оның нені меңгергенін, қай тұста қиналып жүргенін уақытында анықтап, әрі қарай дамуына бағыт беру”, – деп қорытты ол.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда бала мектеп формасымен келмесе ата-аналар жауапқа тартылатыны ескертілген еді.
