Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан жолдарында әскери техникалардың қозғалысы байқалады: Қорғаныс министрлігі ескерту жасады

Әскери техника
Фото: gov.kz

Қазақстан өңірлерінің тұрғындары алдағы күндері жолдарда әскери техниканың қозғалысын байқауы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан аумағында 29 маусым мен 2 шілде аралығында кешенді тактикалық оқу-жаттығулар өтеді. 

"Іс-шаралар жоспарлы оқу сипатында өтеді және негізінен әскери бөлімдер мен оқу-жаттығу полигондарының аумақтарында жүргізіледі. Осыған байланысты әскери техниканың қозғалысы байқалуы мүмкін. Жекелеген бөлімшелер оқу-жаттығу полигондары мен оқу орталықтарына жоспарлы марштар жасайды. Осы уақытта өңірлердегі кейбір жол учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін", – делінген министрлік хабарламасында.

Осыған байланысты қорғаныс министрлігі азаматтарды, әлеуметтік желі пайдаланушыларын және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тек ресми дереккөздерде жарияланатын ақпаратқа ғана сүйенуге шақырды.

Еске салсақ, бұған дейін Атырауда әскери жойғыш ұшақ ұшып өтіп, тұрғындарды шошытқаны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Жексенбі, 28 Маусым, 2026 16:54