Қорғаныс вице-министрінің ұлы әскерде қызмет ете ме: Мұстабеков өзі жауап берді
Мәжіліс кулуарында Қорғаныс вице-министрі Асқар Мұстабеков ұлының әскерде қызмет ететінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Журналистер Асқар Мұстабековтен өз ұлы әскерде қызмет ете ме, етпей ме, соны сұрады.

“Қазір ұлдарымның бірі әскерде қызмет етіп жүр. Ол шекара қызметінде. Ешқандай шағымы жоқ. Болашақта келісімшарт негізінде әскери қызметін жалғастыруды жоспарлап отыр”, – деді вице-министр.
Асқар Мұстабековтің айтуынша, келісімшарт бойынша қызметте қалу – ұлының өз таңдауы.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрағаны туралы жазған едік.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған