Егер әскерге шақырылушы жыныстық бағдарын айтса не болады: Қорғаныс министрлігі түсіндірді

Қорғаныс вице-министрі Асқар Мұстабековтен әскерге шақырылушыларға жыныстық бағдары туралы сұрақтардың қандай мақсатта қойылатыны сұралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сонымен қатар журналистер вице-министрден егер азамат өзінің жыныстық бағытын айтса, оны әскери қызметке қабылдаудан бас тартыла ма деп сұрады.
“Заңда мұндай негіз қарастырылмаған. Біріншіден, мұндай жағдайлар әлі болған емес. Екіншіден, бізде гендерлік саясат пен ЛГБТ мәселесіне қатысты заңнамалық шектеулер бар”, – деді Мұстабеков.
Журналистер вице-министрден діни сеніміне байланысты әскерге барғысы келмейтін азаматтарға қандай талап қойылатынын сұрады.
“Заңда діни себептерге байланысты әскери қызметтен босату немесе қызмет етуден бас тарту қарастырылмаған. Егер мұндай мүмкіндік берілсе, кез келген адам “менің діни көзқарасым басқа, сондықтан қызмет ете алмаймын” деп әскерден жалтаруға тырысар еді”, – деді вице-министр.
Айта кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрлігі әскери қызметкерлерге қатысты ережені өзгертетіні туралы жазған едік.
Оқыңыз