Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Qazaq air" әуе компаниясы жекешелендіруге шығарылды

 "Самұрық-Қазына" ұлттық әл–ауқат қоры" АҚ өзіне тиесілі "QAZAQ AIR" АҚ-ның 49%-дан 100%-ға дейінгі акцияларын сататынын мәлімдеді. Аталған хабарлама әуе компаниясының ресми сайтында жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

фото: max-sky.livejournal.com

"Самұрық-Қазына" АҚ әуе компанияның акцияларын сату ашық екі кезеңдік байқау әдісімен жүргізіледі.

"Қазақстандық әуе тасымалдау нарығын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер қарастыру үшін, QAZAQ AIR әуе компаниясының ұшу географиясын кеңейтуге, флотты ұлғайтуға және инновациялық шешімдерді енгізу мақсатында жеке инвесторды тарту қарастырылып отыр. Жекешелендіруді "Самұрық-Қазына" АҚ Қазақстандық Ұлттық әл-ауқат қоры атынан авиакомпанияның жалғыз акционері жүргізеді", – делінген компанияның хабарламасында.

Жекешелендіру жоспарына сәйкес QAZAQ AIR-ді биыл жыл соңына дейін жекешелендіру көзделіп отыр. Акцияның бастапқы ең төменгі бағасы 10,2 млрд теңге.

Өтінімдер 2023 жылғы 28 қыркүйекке дейін қабылданады.

Айта кетейік, әуе компаниясын мемлекет 2015 жылы құрған. QAZAQ AIR – тұрақты ішкі және халықаралық әуе рейстеріне қызмет көрсететін, пайдаланушы сертификаты бар Қазақстанның үш ірі коммерциялық әуе компаниясының бірі. 

Талқылау