Qarmet металлургиялық комбинатында сайлау учаскелері жұмысын бастады

Бүгін, 23 тамызда сағат 6:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны дәстүрлі түрде орындалғаннан кейін Qarmet металлургиялық комбинатының аумағында екі сайлау учаскесі өз жұмысын бастады.
Комбинаттағы өндіріс бір минутқа да тоқтаған жоқ. Бүгін ауысымда бір мезетте шамамен 4 700 металлург — болат балқытушылар, прокатшылар, энергетиктер, жөндеушілер және басқа да өндірістік бөлімшелердің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
“Дауыс беру — біздің азаматтық борышымыз әрі еліміздің болашағы үшін жауапкершілігіміз. Біз өз жұмысымызға жауапкершілікпен қарауға үйренгенбіз және Қазақстанның одан әрі дамуына ықпал ететін таңдауға да дәл сондай жауапкершілікпен қарауды маңызды деп санаймыз”, — дейді металлургтер.

Үздіксіз өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлер өздерінің сайлау құқығын кәсіпорын аумағынан шықпай-ақ жүзеге асыруы үшін Qarmet басшылығы екі сайлау учаскесінің жұмыс істеуіне қажетті барлық жағдайды жасады.

Qarmet үшін бұл — 23 тамызда жұмыс орнында болып, еліміздегі ең ірі металлургиялық кәсіпорынның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп отырған мыңдаған қызметкердің дауыс беруге мүмкіндік алуын қамтамасыз етудің маңызды қадамы.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады