Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Qarmet Даңқ аллеясында - үздіктердің үздігі

Qarmet
Фото: Qarmet

Металлург күні қарсаңында металлургиялық комбинаттың орталық бақылау-өткізу пункті маңында дәстүр бойынша жаңартылған Даңқ аллеясының ашылу рәсімі өтті. Жыл сайын кәсіби мереке қарсаңында бұл жерде еңбегімен, кәсіби шеберлігімен және өз ісіне адалдығымен әріптестеріне үлгі болған қызметкерлердің портреттері орналастырылады. Биыл мұндай құрметке Qarmet компаниясы Болат департаментінің 60 үздік өндіріс озаты ие болды.

Салтанатты рәсімге кәсіпорын ардагерлері, қызметкерлер және марапат иелерінің туған-туыстары қатысты. Үздік мамандарды құттықтауға "Qarmet" АҚ Басқарма төрағасы Вадим Басин, персонал жөніндегі директор Наталья Ямщикова және "Жақтау" металлургтер кәсіподағының төрағасы Виктор Щетинин келді. Мерекелік көңіл күйді шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуі толықтырды.

Qarmet
Фото: Qarmet

Салтанатты шара барысында өндіріс озаттарына құрмет грамоталары табысталды. Көпшілігі ондаған жылдық еңбек өтіліне қарамастан, бұл сәттің олар үшін ерекше толқынысты болғанын атап өтті.

Конвертер цехы учаскесінің бастығы Талғат Түсіпов комбинатқа отыз жылдан астам уақытын арнаған. Биыл оның портреті алғаш рет Даңқ аллеясынан орын алды.

Qarmet
Фото: Qarmet

 

"Толқу да бар, мақтаныш сезімі де бар. Бұл тек өзім үшін емес, комбинатым үшін де мақтаныш. Бүгін жанымда әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқан жұбайым тұр. Таңертеңнен бері достарым мен жақындарымнан құттықтаулар алып жатырмын", — деді Талғат Түсіпов.
Qarmet
Фото: Qarmet

Газ цехы қызметінің бастығы Евгений Попков компанияда 2009 жылдан бері еңбек етеді. Осы уақыт аралығында ол өндірістің түрлі бағыттарында жұмыс істеп, кәсіпорынмен бірге үнемі дамуға ұмтылды.

"Бұл — өте толқулы сәт. Еңбегімнің бағаланғанына қуаныштымын. Дегенмен, осыдан кейін жұмысты бұрынғыдан да жақсы істеу мүмкін керек шығар, себебі біз әрдайым өз міндетімізді сапалы орындауға тырысамыз. Әріптестеріме ең басты тілегім — қауіпсіз еңбек. Бізді үйде күтіп отырған адамдар бар екенін ұмытпаңыздар", — деді Евгений Попков.
Qarmet
Фото: Qarmet

"ЭКО-СТРОЙ" басқармасының қызметкері Людмила Печеницына үшін комбинаттағы еңбек — отбасы тарихының бір бөлігіне айналған. Ол кәсіпорында 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Осы жылдар ішінде оператор, моторист, электрмонтер қызметтерін атқарып, еңбекті қорғау бағытындағы жұмыстарға да атсалысты. 2009 жылдан бері Людмила Печеницына өз басқармасының кәсіподақ комитетін басқарып келеді. Зейнетке шыққаннан кейін де қоғамдық жұмысты жалғастырып, жеңілдетілген қызметке ауысқан.

"Мені Даңқ аллеясына ұсынғанын айтқанда-ақ қатты толқыдым. Ал бүгінгі эмоциям одан да ерекше — көзіме жас келді. Бұл мен үшін осындай алғашқы марапат. Еңбегімді бағалап, жұмысымды байқаған ұжымыма үлкен алғыс айтамын. Бүгін мені қолдауға қызым Анастасия келді. Комбинатта менің жолдасым жұмыс істеді, қазір күйеу балам мен немерем де еңбек етеді. Сондықтан бұл күн біздің бүкіл отбасымыз үшін маңызды. Барлық компания қызметкерлерін Металлург күнімен құттықтаймын. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қауіпсіз еңбек, лайықты жалақы және бейбіт аспан тілеймін", — деді Людмила Печеницына.
Qarmet
Фото: Qarmet

Жаңартылған Даңқ аллеясы еңбек адамдарына деген құрметтің символына айналды. Әр портреттің артында — ондаған жылдық тәжірибе, кәсіби шеберлік, жауапкершілік және өз ісіне деген адалдық жатыр. Дәл осындай қызметкерлердің арқасында кәсіпорын тарихы жалғасып, үздік еңбек дәстүрлері сақталып келеді.

Stan.kz
Сейсенбі, 14 Шілде, 2026 17:15