Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Сатыбалдыны шақырғаннан кейін әскери колледждің басшысы жұмыстан шығарылды

Қайрат Сатыбалды
Фото: видеодан скриншот

Қорғаныс министрлігі Бауыржан Момышұлы атындағы әскери колледжде Қайрат Сатыбалдыға қатысты оқиғадан кейін мекеме басшылығы қызметінен босатылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәжілістің сыртында журналист қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиевтен Қайрат Сатыбалдының әскери колледжде неліктен сөз сөйлегенін және министрліктің ұстанымы қандай екенін сұрады.

"Колледж өзінің 40 жылдығын атап өтті. Іс-шараны түлектер ұйымдастырды. Министрліктің бұған ешқандай қатысы жоқ. Олар басқа мекемелер сияқты өз мерейтойларын өткізеді. Ол сол жерге осы оқу орнының түлегі ретінде келді", – деп түсіндірді Ахмедиев.

Журналист Сатыбалдының сөз сөйлегенін және оны қалай жастарға үлгі етіп көрсетуге болатынын сұрады.

"Мен оның дәріс оқығанын бірінші рет естіп тұрмын. Ол дәріс оқымаған және оқымайды да. Дәріс оқу үшін факультет мүшесі болу керек", – деді Ахмедиев.

Журналист колледж басшылығына қандашара қолданылатынын сұрады.

"Ол жазаланды. Қателеспесем, жұмыстан шығарылды", – деп қосты қорғаныс министрінің орынбасары.

Еске салсақ, қорғаныс министрлігінің колледжінде Қайрат Сатыбалдыны салтанатты түрде қарсы алған.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 21 Мамыр, 2026 15:21