Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Q-поп пістелер: 91 тобы суреттерін заңсыз пайдаланған кәсіпкерден 5 миллион теңге талап етті

«Найнти уанның» мега танымалдылығын бәз біреулер бизнеске айналдырып, қалтасын қампайтпақ болған. Сөйтіп, сыртында мемберлердің суреті бар пісте шығарып, саудаға қойыпты. Ойда-жоқта арзанқол дүниенің «бас кейіпкеріне» айналғанына ашулы жігіттер, жалған өндірушілерді заңмен жазаламақ!

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Атақтары аспандап тұрған мемберлер, пістенің сатылымын асқақтатады деп сенсе керек өндірушілер. Бірақ, суреттерін қолдануға «91-лік» серілердің  де,  топ продюсері Ерболат Беделханның да рұқсатын сұрамаған. Тіпті, инстаграмда арнайы аккаунт ашып, тауарын жарнамалауды да бастап кетіпті. Мұндағы жазбаға сенсек «кью поп пістелер» қазірдің өзінде дүкен сөрелеріне түсіп үлгерген.

Сондықтан да, «Найнти уандықтар» ол жеке кәсіпкердің атына ресми хат жолдаған. Біздің қолымызға сол құжаттардың көшірмесі тиді. Мұндағы мәтінде  мемберлер пістені өндіруді тоқтатып, оны 10-шы қарашаға дейін сатылымнан алып тастауды талап етеді. Жарнама мақсатында бейнелерін заңсыз пайдаланғаны үшін, ел алдында кешірім сұрап, әр қайсысымызға миллион теңгеден моральдық шығын төлейсіз деп жазылған. Талаптар орындалмаған жағдайда, сотқа арыз түсіретіндіктерін де ескертіпті.

«91»-ліктердің ресми хатын, курьер пісте өндіруші компания басшылығына тікелей табыстаған. Әзірге Азамат Құрманғалиев есімді бұл кәсіпкер үнсіз отыр. Компанияға тиесілі телефон нөмірлері де сөндірулі.

Жіберіп алмаңыз:

Марқұм жарына деген сағынышын әнмен жеткізген Мақпал Жүнісова елді жылатты (видео)

Еліміздегі ең сұлу актриса не себепті киноны тастап кеткенін түсіндірді

Бүркіт жары Аишаның үшінші перзентіне жүкті екенін айтып, елден сүйінші сұрады

Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыздың намысына тиген әйелді орнына қойды

Талқылау