Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин мен Мирзиеевтің кездесуінде Кремль дикторы әбден шатасып күлкі болды (видео)

Ресейде РФ президенті Владимир Путин мен Өзбекстан республикасының президенті Шавкат Мирзиеев екі жақты кездесу өткізіп, бірқатар келісімдер жасасты.

detail_8c7d72925f41c236124db04af473c855

Кремлде екі тараптың келісіміне сәйкес құжаттарға қол қою салтанаты жүріп жатқан болатын. Келісім мен қол қойылған құжаттарды хабарлаушы Кремль дикторы осы кеш барысында бірнеше мәрте шатасып қалды.

Кремлдің ресми дауысы Евгений Хорошевцев Ресей ІІМ Владимир Колокольцев пен Өзбекстан ІІМ Абдусалом Азизовты таныстыру кезінде сөзінен жаңылысып қалды.

Шатасып, сөзден жаңылған диктор “тфу” деген сөзді де қалай айтқанын байқамай қалды.

Диктордың қателігі мұнымен де таусылмады. Ол әрі қарай Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің әкесінің атын айта алмай қиналды. Оған Путиннің өзі көмектесіп жіберді.

Оқи отырыңыз:

Өзбекстандық имам ер адамдардың гинеколог болып жұмыс атқаруына қарсы шықты

Желі қолданушылары қаңғыбас пен оның иті үшін бір күннің ішінде 12 500 АҚШ долларын жинап берді

Ата-анасы сәбиін өлтірген қылмыскерді кешіріп қана қоймай оны қажылыққа аттандырған

Мәскеу тұрғыны Құранды 45 миллион долларға сатудан бас тартты

Талқылау