Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин Қазақстан және Өзбекстанмен жаңа одақ құруға ниетті: Тоқаев қарсы емес

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның үшжақты одағын құру идеясы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

тоқаев путин

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресеймен және Өзбекстанмен үшжақты одақ мәселесін қарастыруға дайын екенін мәлімдеді.

"Бүгін Владимир Владимирович бізге үшжақты одақ құру керек екенін айтты және ол Өзбекстан президентіне қоңырау шалмақшы. Біз де осы тақырыпқа терең үңілуіміз керек. Бастысы – оң нәтиже мен жақсы қарым-қатынас. Негізінде біз бұған дайынбыз. Неге болмасқа?!" – деді ел басшысы Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесуде.

Мишустин өз кезегінде Ресей Федерациясы мен Қазақстанның тауар айналымы күрделі геосаяси және экономикалық жағдайға қарамастан, 2022 жылы рекордтық деңгейге көтерілгенін атап өтті. Осы жылдың қаңтар-қазан айларында екі елдің тауар айналымы 2021 жылмен салыстырғанда 10%-дан астам өсті.

28 қарашада Тоқаев Ресей Федерациясына сапары аясында Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесу өткізді.

Талқылау