Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин Донбасста арнайы операция өтетінін мәлімдеді

Путин Донбасста арнайы өткізу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Ол бұл туралы ресейліктерге жолдаған үндеуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Путин

"Қалыптасқан жағдай бізден шұғыл әрі батыл шешім қабылдауды қажет етеді. Донбастағы халықтық республикалар Ресейден көмек сұрады. Осыған байланысты БҰҰ жарғысының 51-бабы 7-бөліміне сәйкес, Федерация кеңесі санкциясымен және Федералдық жиналыста ратификацияланған ДХР және ЛХР-мен жасалған достық пен өзара қолдау туралы келісімді орындау үшін мен арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдадым", – деді Путин.



Ресей басшысы басты мақсат Украинаны оккупациялау емес екенін атап өтті. “Ресей оны демилитаризациялауға ұмтылады және бейбіт тұрғындарға қарсы қылмыс жасағандарды счотқа тартады”, – деді Ресей президенті.

Путин Ресейдің әрекеті сыртқы күштерден қорғану екенін атап өтті. Оның айтуынша, НАТО "қызыл шекараны" кесіп өтті, ал Ресей шекаралас аумақта әскери игерулердің іске асырылуына жол бермейді.

Айта кетейік, бұған дейін Украина президенті ресейліктерге үндеу жолдап, соғыстың алдын алуға шақырған еді. Бейнеүндеудің жалпы ұзақтығы 11 минут, оның 9 минутында Зеленский орыс тілінде сөйлеген. 

Талқылау