Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Психолог: Адам белгілі бір мақсатқа жету үшін ауырады

«Адам – жүйке жүйесі, ал қалғаны – оның өсінділері» дейді невролог мамандар. Ал халық әдетте барлық аурудың жүйке жүйесінен бастау алатынын айтады. Әрине, бұл пікірлерге қатысты ұзақ-сонар пікір-талас жүргізе беруге болады. Десе де, жаны ауырып, күйзеліске ұшыраған адамның тәнінің сау болмайтыны бұрыннан дәлелденген.

hospice-1821429_960_720

Мұнымен қатар, көптеген аурудың психосоматикалық себептері бар. Грек тілінен аударсақ, «psyche» – «жан», «soma» – «тән» деген мағынаны білдіреді. Әдетте аурулар жанның қиналуымен тікелей байланысты. Эмоциялар жиналып, ақыры тән арқылы ауру түрінде шығады. Төменде психолог Лесли ЛеКрон ұсынған кеңінен тараған 7 психосоматикалық аурулар мен олардың себептері.

1. Ішкі қақтығыс

Әдетте бір таңдауды адам саналы түрде, енді осы таңдауға қарама-қарсысын бейсаналы түрде жасайды. Осылайша бейсана өзінікінің дұрыстығын түрлі аурулардың көмегімен дәледеуге кіріседі.

2. Ым-ишара тілі

Тән «басым шытынайын деп тұр», «маған сол адам ұнамайды», «жүрегім алып-ұшып барады», «қолым байлаулы» сынды сөздерді шындыққа жанастырып отырады. Жоғарыдағыдай бағдарламаларға сау тән қалай жауап береді деп ойлайсыз?

3. Белгілі бір пайданы көздеу

Адам ауруы арқылы белгілі бір мақсатқа жетіп отырады. Сол себепті, арман-қалауларымызға сақ болғанымыз жөн. Олардың орындалатын қасиеті бар.

4. Өткен шақтың тәжірибесі

Балалық шақта алған жан жарақаттары жазылмаса, ол өскен кезде аурулар арқылы сыртқа шығады. Сол себепті рухани тазарып отырған жөн.

5. Сәйкестендіру

Бұл жағдайда екінші бір адамға бауыр басқан адам тура алғашқысы секілді ауыра бастайды. Көбінесе жоғалтып алудан қорыққан жағдайда осылай болады.

6. Сендіру

Адам шынайы өмірде ауырмаса да, өзіне бір ауруды телуі мүмкін. Осылайша өзі сенген дүние жүзеге асады.

7. Өзін жазалау

Адам өзін жазалау арқылы белгілі бір күнәсінен арылғысы келеді. Психосоматикалық проблемалардың бар екендігі ғылымда дәлелденген. Ол денсаулықтан бөлек, күйзеліс, адамдармен ренжісу сынды түрлі жағдай арқылы көрініс тауып отырады. 1950 жылы психоаналитик Франц Александр психосоматикалық аурулардың жеті түрін ұсынған болатын. Оларды әдетте «Чикаго жетілігі» деп те атайды:

1. Гипертония (қан қысымының артуы)
2. Ойық жара ауруы
3. Тыныс демікпесі
4. Нейродермит
5. Гипертиреоз
6. Ойық жаралы колит
7. Құздамалық артрит

Ол уақыттан бері көп нәрсе өзгерді. Психосоматикалық аурулардың қатары көбейді: онкологиялық аурулар, жүрек ауруы, ұйқының бұзылуы, сексуалдық проблемалар, артық салмақ, ақ қан ауруы және т.б. Вильгельм Райх, Франц Александер, Ида Ролф, Александр Лоуэн сынды мамандар адам тәніндегі ауруларды белгілі бір эмоциялармен байланыстырып отырған.

Емделу үшін не істеу қажет?

Аурудың физиологиялық себебін ғана жойып қоймай, психологиялық себебін де емдеуіміз керек. Десе де, кей дәрігер психолог мамандардың науқастың емделуіне еш қатысы жоқ екенін айтып жатады. Ең бастысы, ситуацияны өзгерте алмасаңыз да, оған деген көзқарасыңызды өзгертіңіз! Деніңіз сау болсын!


Кез-келген мақсатқа қалай жетуге болады: әмбебап нұсқаулық

Талқылау