AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Психолог Серікгүл Сәли: Қазақ әйелдерінің заңды түрде екі күйеуі болуы керек

Психолог Серікгүл Сәли қазақ әйелдерінің екі күйеуі болу керек деген бастама көтерді. Маманның айтуынша, бұл бастама заңмен бекітілуі тиіс. Желі қолданушыларының бірі мұны қолдаса, енді бірі қарсы шықты. 

Бұл туралы “Нартай Ньюс” арнасында айтылды.

"Әрбір әйел екі күйеуге тисін деген сонымен қоса әрбір еркектің екі әйелі болсын” деген заң қабылдану керек. Әйелді толық қамтамасыз ету керек. Қай жағынан болса да, кейбір еркектердің шамасы жетпей жатады. Сол кезде екі күйеуі болса әйелге қолдау болады”, – деді психолог.

Маман әрбір адамда психологиялық базалық білім болу керек деген ойын айтты. 

"Осыдан жүз жыл бұрын қазақ тілі, математика деген сабақтардан мүлдем сауатымыз болған жоқ. Бірақ бізді мәжбүрлеп оқытты. 11 жыл біз сол пәндерді оқыдық. Дегенмен, біз бәріміз сол пәндердің маманымыз деген сөз емес. Қазіргі қоғамда қабілетті болып өмір сүруіме қажетті нәрсе. Тура сол сияқты психологияда адамдардың арнайы білуі керек базалық білімдер бар.

Еркек пен әйелдің қарым-қатынасы, инстинг, аналық пайыз, аталық деген сияқты барлық базалық білім бар психологияда. Сол білімді біз бермейінші халыққа, адамдардың арасында бәрін түсініп бақытты ғұмыр кешпейміз.



Мысалы мен үйрек болсам, барлығын үйрек сияқты өмір сүргенін қалаймын. Ал бүркіт болсам, мынау неге мен сияқты өмір сүрмейді деп қараймын. Осы сияқты көзқарастардан құтылу үшін психологиялық білім керек", – деп жауап берді психолог.

Ал белсенді Әмір Мәуленов қазақ жігіттері кем дегенде 2-3 әйел алу керек деп санайды. 

“Зинаның көптігі қыздардың ашық-шашық жүргенінің кесірі. Зинаның алдын алу үшін жігіттер көп әйел алу керек. Бұл әйелдер үшін керісінше еркіндік. Қазақта көп әйел алу мәселесі бұрыннан бар. Бұл діни тұрғыда да рұқсат етілген. Көп әйел алуды қазақ бренд ретінде қарастыру керек. Бұл қазақтың ерекшелігі болу керек”, – деді ол. 

“Қазақ байыса қатын алады деген осы, басқаның бәрі дұрыс та осы мәселе ғана шешілмей тұр еді”, “Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы”, “Ел не ішем, не жеймін деп отырса бұлар әйел мен күйеу туралы әңгіме айтып отыр”, “Әйел екі еркекке тиюші ме еді, екі еркек бірге тұрушы ма еді?”, “Қазір еркектер өз қара басын асырай алмай жүр, бір әйелге де шамасы жетпейді”, “Әйелдер жұмыс істеп, еркектің рөлін атқарып жүр, сондықтан армандауды қою керек”, – деп жазды желі қолданушылары. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр