Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Прокурор сотта Бишімбаевтың марқұм әйелінің "өзі құлап қабырғаға соғылды" деген мәлімдемесіне қарсы айғақ келтірді

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша прокурор Айжан Аймағанова сотта Салтанат Нүкенова өлтірілген "Бао" мейрамханасындағы видеоның жазбаша нұсқасын оқыды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

прокурор Бишимбаев сот

Хаттамада Салтанаттың денесінде қанталаған, көгерген іздер болғаны да жазылған.

“Сағат 7.15-те Бишімбаев пен Нүкенова көліктен түсіп, мейрамхана ғимаратына қайта бет алды. Содан кейін сағат 7.17-де Бишімбаев Нүкеновамен бірге лифт арқылы 2-қабатқа көтерілді, лифттен түскен бойда Бишімбаев Нүкенованың басынан қолымен бірнеше рет ұрып, ол еденге құлаған. Бишімбаев әйелін бөксе аймағына бірнеше рет тепкілей бастады. Содан кейін ол оның шашынан көтеріп, қолымен басынан кері ұстап, қайтадан ұрды, ол қайтадан құлады. Сосын соңғысын шашынан көтеріп, №1 кабинаға сүйреп алып кетті”, – делінген прокурор оқыған жазбада.

Бұның алдындағы жауап алу кезінде сотталушы оны "бір-екі шапалақпен ұрғаннан кейін" марқұм әйелі өзі құлап, қабырғаға соғылды деген. Сонымен қоса сотталушы әйелін ұрғанын мойындап алайда оның “маңызы бар органдарына тигізбегенін” алға тартқан.



Дәл қазіргі сот отырысында тараптар басқа бейне дәлелдемелерді зерттеу үстінде.

Айта кетейік, Астанада айыпталушы Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Бұған дейін экс-министр Бишімбаев сотта әйелінің қаза тапқан кезін баяндаған.

Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.

Сондай-ақ экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі ("Азаптау"), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен адам өлтіру") бойынша жаңа айыптар тағылған еді. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов - қылмысты жасырғаны және хабарламағаны үшін айыпталған.

Талқылау