"Продюсер – құдай, әртіс – құл": Меруерт Түсіпбаева әріптесі Ақбота Керімбекованың сөзін растады
Әнші Ақбота Керімбекова ұлттық арнадағы түсірілім кезінде болған жағдайға наразылық білдіріп, жоба продюсері Динара Адамды дөрекі деп айыптағанын әріптестері де растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Өнер иесін әріптесі Меруерт Түсіпбаева қолдап, музыкалық жобаларға бөлінетін қаражатты тексеруді талап етті.
“Бүгін Ақбота үндеу жасаған екен. Өте дұрыс. Шын мәнінде, кейбір продюсерлер – құдай, әртіс – құл болуға айналды. Ол біздің мемлекетте де бар. Тендерге де қатысты. Айтылмай жүрген шындық. Барлық жоба мен шоуларға қатысқан әншілерге гонорар төленсе деймін. Ресейде эксперт болып отырған адамның гонорарын төлейді. Оны ешкім танымайды. Бірақ қатысқаны үшін қаламақысын алады. Біздің елде ондай жоқ. Сондықтан Ақботаның сөзі рас. Оған қосыламын. Жағдай өзгерсе дейміз”, – деді өнер иесі.
-
"48 жылдан кейін көрсетті": Ақбота Керімбекова балалық шағын есіне алды
-
"Жастықтың үні де сұлу": Ақбота Керімбекова осыдан 35 жыл бұрынғы сәтті есіне алды
Айта кетейік, Ақбота Керімбекова “Жұлдызды жұп” бағдарламасының продюсерімен сөзге келіп қалғанын жазған едік.
“Аты-жөні жоқ, жоба продюсері, "әйгілі” Динара Адам хабарласып, жекіп, “я устала уже от всех этих капризов, все ваши капризы у меня выше голова стоят. Хочешь, уходи на х*р из этого проекта”, – дейді. Дәл осылай! Қазақта “қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына налимын” деген сөз бар. Ұлт болғалы маңдайымызға бұйырған жалғыз ұлттық арнамыздың маңдайалды жобаларына Алаш түге, адамның қадірін білмейтін, бірде-бір рет қазақша ойланып, ой қорытып көрмеген біреулер жетекшілік еткесін, көрген күн осы екен… ”, – деп ашуланған еді әнші.