Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Продюсер Абай Бегейге шәкірті қымбат көлік сыйлады

Абай Бегейге жас әнші қымбат көлік сыйлады. Әнші өз кезегінде оған алғыс айтты.

15623914_1801845280075066_3508618750435786752_n

Фото: instagram.com/abai_begei/

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.

Абай Бегей енді продюсерлікке бет бұрды. Ол Айбек Қоңырбай есімді жас әншіге қолдау көрсетіп жүр. Шәкірті оған көлік сыйлап үлгерген екен.

“Өнерге келген кезде, өзіңе көмек беретін, демеуші кісілерді іздейсің. Өзім сол қиындықтан өткен соң, шамам келгенше жастарға көмектескім келеді. Қазір Айбек Қоңырбайға азын-аулақ көмектесіп жатқан жайым бар”, – дейді Абай Бегей.

Әншінің бұл жалғыз жаңалығы емес. Ол жуырда Куба елінде жаңа бейнебаян түсіріп қайтты. Енді осы әнінің ұзақ уақыт хит болатынына сенімді. Мұнымен қатар, әнші өзіне қымбат көлік сыйлаған шәкіртіне алғыс айтты. “Мен ол көлікті кері қайтара алмадым. Берілген соң, оны қабылдадым. Әлгі көлікті маған Қызылордадан алып келді. Артынша маған табыстады. Мен оған көп-көп рахмет айтамын”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Сиви Махмұди түйеден оңбай құлады (видео)

Ақерке Тәжібаева Мексика жұртын қобыз үнімен таң-тамаша етті

Есентаева 500 теңгеге алған тәпішкесін көрсетіп әзілдесті (фото)

Есентаева журналистерге: Енді сіздерсіз аяқ алып жүре алмайтын болғаным ба?

Талқылау