Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сиви Махмұди түйеден оңбай құлады (видео)

Гоа штатына бейнебаян түсіруге барған Сиви Махмұди түйеден оңбай құлады.

15876729_1274572842581175_1041655888563142656_n

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.

Қаңтар айының басында Сиви Махмұди жолдасымен бірге Үндістан еліне сапар шекті. Қастарында сазгер Айдар Рысбек пен режиссер Жеңісхан Төре бар. Олар бірігіп махаббат туралы әнге бейнебаян түсірген екен. Алайда Гоада Сиви түйеден оңбай құлап, жарақат алады. Осы кезде оның әріптестерінен қатты көңілі қалған екен.

“Ешкім қасыма жақындай алмады. Қатты шошынып қалды. Араларында саспаған жолдасым ғана болды. Онымен бірге бейнебаянға еркін түстім. Заңды жолдасым болғандықтан, еркін құшақтастық. Ара-қатынасымыз өмірде шынайы болғандықтан, бұл әдемі көрінеді. Екіншіден, күйеуімнің ұялмай көрсететін денесі бар. Аллаға шүкір, жаратқан тіл-көзден сақтасын. Аяқ-қолы балғадай, денелі, керемет жігіт. Мен үшін одан көрікті жігіт жоқ”, – дейді Сиви.

Күйеуі бұл жолы әйелінің шығармашылығына араласып, атсалысуды жөн көріпті. Екеуі жаңа бейнебаянда ғашықтардың рөлін сомдайды. Ал Сивидың күйеуіне арнаған әнін Айдар Рысбек жазған. Ол туындысының хитке айналатынына сенімді. “Барлығы да әннің таралымына байланысты. Ал жағымды ән екені сөзсіз. Жақсы әндер бейнебаянсыз-ақ хит болып жатады “, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Ақерке Тәжібаева Мексика жұртын қобыз үнімен таң-тамаша етті

Есентаева 500 теңгеге алған тәпішкесін көрсетіп әзілдесті (фото)

Есентаева журналистерге: Енді сіздерсіз аяқ алып жүре алмайтын болғаным ба?

Қытайды аузына қаратқан Димаш күмбірлете күй шертіп таңғалдырды (видео)

Талқылау