Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайды аузына қаратқан Димаш күмбірлете күй шертіп таңғалдырды (видео)

Күні кеше Аспан асты елінен Отанына оралып, Универсиаданың ашылу салтанатына қатысқан Димаш Құдайбергенов тағы бір өнерімен таңғалдырды, деп хабарлайды Stan.kz.

димаш9

Ол композитор Ұлықпан Жолдасовпен бірге танымал қазақ күйін шертіп, тыңдармандарын тәнті етті. Осылайша Димаш “жігітке жеті өнер де аз” дейтін атам қазақтың сөзін тағы бір рет дәлелдеді.

Видеоны желіге Жолдасовтың жары Айған Жолдасова жүктеді. Айта кетейік, Айған және Ұлықпан Жолдасовтар Димаш Құдайбергеновтың өкіл әке-шешесі болып табылады.

Еске сала кетейік, жерлесіміз Димаш Құдайбергенов Қытайда өтіп жатқан I am a Singer жобасына қатысып жатыр. Байқаудың алғашқы кезеңінде Димаш әйгілі француз әнін орындап жеңіс тұғырынан көрінді. 28 қаңтар күні өткен екінші кезеңде Димаш алғашқы жетістігін қайталады.

Жіберіп алмаңыз:

Танымал ғалым Димаштың жеңісін “Қытайдың кезекті саясаты” деп бағалады

Димаш Құдайбергенов Универсиаданың ашылуында опера әншісімен ән айтты (видео)

Баян Есентаеваның сүйіктісі ерлер қауымына ренішін білдірді

Лана Алматыдағы концертте омырауының көрініп қалғаны туралы айтты

Талқылау