Президенттің сөзін бұрмалауға болмайды, заңды өзгертпейміз – Жаңбыршин

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин бұралқы жануарлар туралы заңға қатысты өз ұстанымын өзгертпейтінін айтты. Ол бұған дейін Facebook желісінде білдірген позициясы сол күйі өзгеріссіз қалатынын атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутаттың айтуынша, заңның барлық нормалары әзірленіп қойған және оның сөзінше, олар мемлекет басшысы көтерген мәселелерді де ескереді.
"Президенттің сөзін бұрмалауға болмайды. Ол негізгі мәселе – иттердің ересектер мен балаларға шабуылы екенін айтқан. Президенттің сөзін оқыңыздар… Менің пікірім өзгермейді, біз қабылданған заңды қорғаймыз", – деді Еділ Жаңбыршин.
Сондай-ақ депутат көшелерде тек иесіз қалған үй жануарлары ғана емес, бұралқы иттердің де көп екенін айтты.
Ол бұрын елде ұстап алу және қайта босату тәжірибесі қолданылғанын еске салды. Бірақ оның айтуынша, бұл тәсіл билік күткендей оң нәтиже бермеді. Осыған байланысты депутат қайта жіберусіз ұстау тәжірибесі енгізіліп жатқанын айтты. Ол мұны әлемдік тәжірибе деп атады.
Кімдер қарсы?
Алайда зооқорғаушы және блогер Темірлан Тоспаев Қазақстан Президентін жануарларға қатыгездік жасауға жол ашуы мүмкін нормалардың қабылдануына жол бермеуге шақырды.
Тоспаев жануарларды жаппай жою мәселенің шешімі емес, керісінше оны ушықтыратынын атап өтті. Ол бүкіл әлемде жануарлар санын реттеудің жалғыз тиімді бағдарламасы – ұстау, стерилизация, вакцинация және тіршілік ортасына қайта жіберу жүйесі екенін еске салды.
Егер осы уақыт ішінде жануарды ешкім алып кетпесе және жаңа иесі табылмаса, эвтаназия жасалады.
Еске салайық, бұған дейін бұралқы иттерді өлтіру туралы заң сенатқа түскен еді. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанда бұралқы иттерді 5 күн ұстап, өлтіру туралы заң жобасын әлі қарап үлгермегенін айтты.
“Үйсіз жануарларды эвтаназиялау туралы заң кеше ғана сенатқа келіп түсті. Депутаттар оны әлі қарап үлгерген жоқ. Қазір жұмыс процесі енді басталып жатыр. Заң жобасы комитеттерге бөлініп берілді. Енді олар жұмыс топтары аясында, қоғам өкілдерін қатыстырып, талқылайды. Осы мәселелер жан-жақты қаралған соң құжат пленарлық отырысқа шығарылады”, – деді Мәулен Әшімбаев.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Оқыңыз