Астаналық блогер LRT-ға мінген жолаушылардың әрекеттеріне шүйлікті

“Нагимуша” атымен танымал блогер Нағима Настевич LRT-мен жүрген кездегі өзге жолаушылардың әрекетіне шүйлікті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогер LRT-ның арқасында баратын жеріне небәрі 12-13 минутта жеткен. Алайда қоғамдық көлікте адамдар өз-өзін дұрыс ұстамайтынын айтып шамданды.
Сөзінше, жолаушылар эскалатордың оң жағында ғана тұрып, сол жағын бос қалдыру керек. Әрі пойыздан адамдар шыққаннан кейін ішкі кіруге болатынын ескертті.
Сондай-ақ пойыз вагондарындағы орындықтарға балаларын аяқ киіммен тұрғызып қоятын ата-аналарды сынға алды. Ол не себепті басқалары лас орындықта отыруы керек дейді.
Блогердің жазбасы желіде қызу талқыға түсті. Көпшілігі ол үшін сауаттылықты арттырып, шетелдерге жиі шығып көруге кеңес берді. Осылайша дамыған елдерде қалай екенін түсініп, өз елімізде де солай жүреді дейді.
“Сол үшін LRT-ға мінгім келмейді, қаным басыма шабады”, “Мен біздің шыққанымызды күтпей, кіре бастаған адамдарға айқайлай бастадым”, – деді желідегілер.
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?
Оқыңыз