Президентке кесілген саусақ салынған хат келіп түсті
Франция президенті Эммануэль Макронның резиденциясы Елисей сарайына адамның кесілген саусағы салынған хат келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Valeurs француз басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, Елисей сарайына 10 шілдеге қараған түні пошта арқылы адамның кесілген саусағы салынған хат келіп түскен. Ол артынша тоңазытқышқа қойылған. Саусақ тиесілі адамның жеке басы анықталған.
Ал Елисей сарайы бұл мәселеге қатысты ресми түсініктеме беруден бас тартқан.
Қазіргі таңда, Макронның өзі НАТО саммиті өтіп жатқан Вильнюсте.

"Оңай" ресейлік төлем жүйесімен байланысы бар деген күдікке ілінді: Пайдаланушылар дербес деректерінің қауіпсіздігіне алаңдады
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады
Шымкенттік әйел өзін күйеуі мен енесі ұрып-соғып, екі баласымен үйден қуып жібергенін айтты
Қазір әйел екі баласымен әпкесінің үйін паналап отыр