Бауыржан Байбек Nur Otan партиясы төрағасының орынбасары қызметінен кетті
Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Байбекті Nur Otan партиясы төрағасының орынбасары қызметінен босатып, атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді. Бұл туралы Президентің баспасөз хатшысы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Байбекке "Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасаы лауазымындағы көп жылғы жұмысы үшін алғыс айтты", – делінген Берік Уәлидің хабарламасында.
Бауыржан Байбек партия төрағасының бірінші орынбасары қызметіне 2019 жылы тағайындалған.
Байбек 1974 жылы 19 наурызда дүниеге келген. "Болашақ" бағдарламасының түлегі. Үш жоғары оқу орнын тәмамдаған: педагогикалық, жоғары экономикалық және музыкалық.
Ол Қазақстанның Германиядағы елшігінде дипломатиялық қызметте болған. 2002 жылдан бастап Президент Әкімшлігінде түрлі лауазымдарға тағайындалды. 2015 және 2019 жылдар аралығында Алматы қаласының әкімі болды.
Айта кетейік, бұған дейін Nur Otan партиясының Саяси кеңес Бюросы құрамының өзгергені жайлы хабарлаған едік.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі