Президент баспана мен көлік аларда қолма-қол ақшасыз төлемдер енгізуді тапсырды
Мемлекет басшысы үкіметке және Ұлттық банкке тұрғын үй мен көлік құралдарын алғаш рет сатып алу жағдайында қолма-қол ақшасыз төлемдерді енгізуді қамтамасыз ету үшін заңнамаға түзетулер пакетін дайындауды тапсырды.
Сонымен қатар көпбалалы отбасыларға көмек көрсету жөнінде тапсырмалар берді.
«Үкіметтің алдында атаулы көмек көрсету, әсіресе мұқтаж балаларға, оның ішінде көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға нақты көмек көрсету міндеті тұр. Мемлекет мұқтаж адамдарға ғана көмектесуі керек», - деді президент.
«Көпбалалы отбасылар мемлекеттік қолдауды табысына қарамастан, тек отбасындағы балалар санына қарай алады. Аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына әлеуметтік пакет кепілдендіріледі», - деді мемлекет басшысы.
Еске салайық, жаңа жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмекті есептеу ережелері өзгереді. Ең алдымен, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына әлеуметтік жеңілдіктер беріледі.
Әлеуметтік төлемдердің өзгеруіне зәулім үйлері мен көліктері бар кейбір қазақстандықтардың да жәрдемақы алуға тырысуы себеп болды.
Тағы оқыңыз
Мемлекет қазақстандықтардың пайдаланылмаған жерін бір жылдан соң тартып алатын болады