Премьер-министр әуе рейстерінің жиі кешіктірілу мәселесін шешуді тапсырды
Олжас Бектенов әуе рейстерінің жиі кешігу жағдайларын реттеуді тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Үкімет отырысында авиация саласын дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды. Премьер-министр әуе рейстері жиі кешіктірілетінін байқап, соны назарға алды.
"Ішкі ұшу сапарларының жиілігін арттыру, сондай-ақ халықаралық ұшу сапарларының географиясын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Бірақ әуе рейстері кешігетін жағдайлар жиі болады. Көбіне бұл әуекомпаниялар мен әуежайлардың арасындағы ретсіз жұмыстардың кесірінен туындап жатады. Сондықтан министрлікке осы мәселенің тетіктерін пысықтауды тапсырамын", — деп атап өтті үкімет басшысы.
Еске салсақ, бұған дейін жолаушылар 4 сағат ұшақ ішінде отырғандарына шағымданып, FlyArystan әуекомпаниясының басы дауға қалған еді.
"Болашақ ойындары – 2026": Ауқымды сайыста Қазақстан намысын кімдер қорғайды
Сайыстың басталуына да санаулы күн қалды, ал ел намысын 5 команда қорғамақ
Қазақстандықтар туған күніне орай банктер, дүкендер мен брендтерден қандай сыйлықтар алады
Бүгінде нарықтағы бірқатар компаниялар туған күніне орай нақты бонустар есептейді