"Тасымалдаушы ұшақтағы орыннан көп билет сатқан": Fly Arystan әуе компаниясы жолаушыларын бортқа кіргізбей қойған (видео)
Желіде Fly Arystan әуе компаниясының кей жолаушыларды бортқа кіргізбей қойғаны түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Видеоны желіге жүктеген журналист Асхат Ниязовтың айтуынша, 12 жолаушы билет алған ұшағына міне алмаған.
Ал журналист Михаил Козачковтың сөзінше, бұл тағы да артық брондау болуы мүмкін, яғни тасымалдаушы ұшақтағы орындардан көбірек билет сатқан деген сөз.
"Негізі мұндай әрекетке тыйым салынған. Бірақ Питер Фостерға емес. Сонымен қатар "Эйр Астана" ішінара мемлекет меншігінде. Сарапшылардың айтуынша, авиакомпания арзан жанармай арқылы жасырын түрде субсидияланады, яғни салық төлеушілердің ақшасы қолдауға жұмсалады. Бұдан шығаратын қорытынды: егер біз ортақ ақшамызды Фостердің бизнесіне жұмсауды доғарсақ, бюджет бәріне жетіп, салықты көтерудің қажеті болмайтын шығар?", – деді журналист.
Кинотеатр дәретханасына бармақ болған қазақстандықты билеті болмағаны үшін ішке кіргізбей қойған: Бұл заңды ма?
Заңгер қоғамдық орындардың адам қажеттілігін өтеуіне тыйым салуы заңға қайшы екенін алға тартты
36 миллион теңгеге пәтер алған қазақстандық баспанасына кіре алмай қалды: Бұрынғы иесі ақшаны алаяқтарға беріп қойған
Пәтердің бұрынғы иесі алаяқтарға алданғаннан кейін баспананы босатудан бас тартқан