Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Праймериз 2020: Алматылық үміткерлер қандай мәселелерді сөз етті

Елімізде Nur Otan партиясы ұйымдастырған праймериздің жаңа кезеңі басталды. Депуттаттыққа үміткерлер енді халық алдына шығып, пікірталасқа түсуде. Жария пікірсайыстың екінші күні қалай өтті? Қандай мәселелер талқыланды?

Праймериздің басты мақсаты - партияның сапалық құрамын жақсарту, партия төңірегінде қоғамда белсенді, сөзі өтімді тұлғаларды топтастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің күшін арттыру және жастармен жұмысты жандандыру. Праймериз, әсіресе, білімі тасып, идеясы тоғысқан жастарға таптырмас мүмкіндік болмақ.

Бүгінде Алматы қаласының сегіз аудандық партия орталықтарында жария пікірсайыстың екінші күні өтуде. Үміткерлер алдын ала жасалған жеребе арқылы кезекпен өздерінің бағдарламаларын халыққа таныстырды. 

Мәселен, Медеу ауданы праймеризге қатысып жатқан үміткерлердің саны бойынша көш бастап тұр. Ауданда 49 азамат депутаттыққа үміткер. 

Ашық пікірсайыстың екінші күні Медеу ауданы бойынша Нұркен Халықберген, Шералиева Бибинұр, Олжас Еспанов, Аида Қауменова,  Жәнібеков Нұрлан, Ибрагимов Нариман өз жобаларымен бөлісті. Әртүрлі сала мамандары, атап айтсақ, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, орта және шағын бизнес өкілдері пікірталас барысында өзекті тақырыптарды сөз етті. Көпбалалы аналарға көмек, орта және шағын бизнесті қолдау, бизнес бастауға көмек көрсету, қолжетімді білім алу, ұстаздардың мәртебесін көтеру, әйелдер бизнесін қаржыландыру мәселелері талқыланып, осы тақырыптар аясындағы жобалар ұсынылды. 

Үміткерлерге аудан тұрғындарынан да сауалдар келіп түсті. Мысалы, халық жекеменшік білім беру мекемелеріндегі білім берудің сапасы, қайырымдылыққа қаражат жинау жайлы көкейкесті сұрақтар қойып, үміткерлердің осы уақытқа дейін қоғам үшін атқарған жұмыстары жайлы сұрады. 

Ал Әуезов ауданы бойынша праймеризге қатысуға 23 адам ниет білдіріпті. Ашық пікірсайыстың екінші күні ауданның атынан шықан төрт үміткер өздерінің бағдарламаларының артықшылықтарын халыққа жеткізді. Үміткерлер - Хамраев Садир, Білімжанұлы Мақсат, Рахальская Наталья және Қарагулов Ерулан педагогтың мәртебесі, жастар саясаты, қоғамдық денсаулық сақтау, қаланың транспорттық жүйесі жайлы мәселелерді көтерді. Әріптестерінің және қала тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, болашақта қолға алынуы тиіс шараларды атап көрсетті. 

Айта кетейік, ашық пікірсайыстың бір ерекшелігі - халықтың үміткерлерге сауал жолдау мүмкіндігіне ие болуы. Осыған орай Nur Otan партиясының өкілдері халықты белсенділікке және үміткерлерге түйіткілді мәселелер бойынша сұрақ жолдауға шақырды.

Алматыда праймериз аясындағы жария пікірталастар 30 қыркүйекке дейін өтеді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр