PR Forum Astana 2026: Астанада PR және коммуникация саласының мамандары бас қосады

11 қыркүйекте Астанада мемлекеттік және бизнес-коммуникациялар саласының мамандарына арналған XIV PR Forum Astana 2026 кәсіби конференциясы өтеді. Форумда коммуникация саласындағы өзекті мәселелер, жаңа үрдістер мен практикалық құралдар талқыланады.
Форумның негізгі тақырыптары:
- саяси маусымның қорытындысы: негізгі трендтер және коммуникацияның жаңа құралдары;
- GR және мүдделерді ілгерілету (лоббизм);
- өнеркәсіптік кәсіпорындардағы коммуникация ерекшеліктері;
- коммуникациялық командалардың жұмысында жасанды интеллект құралдарын қолдану;
- өзекті PR-кейстер және коммуникация нарығындағы жаңа тенденциялар.
13 жыл ішінде PR Forum Astana Қазақстанның түкпір-түкпірінен 1500-ден астам қатысушыны біріктірді. Олардың қатарында бизнес өкілдері, мемлекеттік құрылымдардың мамандары және кәсіби коммуникация саласының сарапшылары бар.
Биылғы XIV PR Forum Astana 2026 коммуникация саласындағы маңызды өзгерістерді, тәжірибеде қолданылатын тиімді құралдарды және бүгінде мемлекеттік және бизнес-командалар алдында тұрған нақты сын-қатерлерді талқылайтын кәсіби пікірталас алаңына айналмақ.
- Өтетін күні: 2026 жылғы 11 қыркүйек
- Өтетін орны: Hilton Garden Inn Astana қонақүйі
- Мекенжайы: Қабанбай батыр даңғылы, 15
PR Forum Astana ресми сайты
Ұйымдастырушылар: Қазақстанның Пресс-клубының коммуникациялық тобы, PG Communications және PR-шы клубы. Қазақстан Республикасының Қоғаммен байланыс жөніндегі ұлттық қауымдастығы мен ICCO қолдау көрсетеді.
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады
Талғар қаласында ұрлық үстінде бала зорлауға әрекет жасаған ер адамды полиция ұстады
Өзбекәлі Жәнібеков кім және Қазақстанда оның кесенесі неліктен тарих және мәдениет ескерткіші деп танылды
Реставрацияның мақсаты – кесененің жағдайын жақсартып, сәулеттік келбетін сақтау және ғұмырын ұзарту