Пойыздағы ерекше "жолаушы" желіде қызу талқыға түсті (видео)
Әлеуметтік желіде вагон тамбурында тұрған ешкінің видеосы қызу талқыға түсті. Анықталғандай, видео Петропавлдан Алматыға қатынайтын пойызда түсірілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видео 10 тамызда түсірілген. Полиция департаментінің мәліметінше, полицейлер вагон тамбурында тұрған ешкіні тапқан. Тексере келе ешкінің иесі 40 жастағы ер адам анықталды.
Сонымен қатар ер адамды жауапқа тарту үшін материалдар Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясына берілген.
"Бұдан бөлек "Жолаушылар тасымалы" АҚ мен ЖШС мекенжайына жауапты тұлғаларды тәртіптік жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізілді", – делінген хабарламада.
Ер адам ешкіні мал басын көбейту үшін сатып алған екен. Енді ол әкімшілік жауапқа тартылады.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін