Пойыз билетін сатып алу мүмкін емес: Онлайн-сатылым сайтына не болды
Қазақстанда теміржол билетін онлайн түрде сатып алу мүмкін болмауының себебін "Жолаушылар тасымалы" бөлімінде түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Техникалық ақауларға байланысты "Жолаушылар тасымалы" АҚ билеттерін сату жүйесі уақытша жұмыс істемейді. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) bilet.railways.kz сайтында және басқа онлайн-ресурстарда тіркеу уақытша қол жетімсіз", - деп түсіндірді компания.
Қазіргі уақытта пойыз билеттерін сату процесі кассаларда біртіндеп қалпына келтірілуде.
"Мәселелерді жою жұмыстары әлі жалғасып жатқанына байланысты, билеттерді сатып алу кезінде техникалық ақаулар болуы мүмкін", - деді "Жолаушылар тасымалы".
"Жолаушылар тасымалы" АҚ - "Қазақстан темір жолы" ұлттық теміржол тасымалдаушысының еншілес компаниясы.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған