Португалия құрамасында Криштиану Роналдудың болашағына байланысты шешім қабылданды
Португалия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес шабуылшы Криштиану Роналду жайлы өз ойын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Бапкер ұлттық құрама сапында 38 жастағы шабуылшы мүмкіндігіне әлі де сенім артатынына тоқталған.
Роналду ең маңызды ойыншылардың бірі. Ол шешуші кезеңдерде ерекше серпін береді. Тәжірибесі де мол. Әлемдік футбол тарихында біз үшін ол сияқты 198 ойын өткізген футболшы жоқ. Команда ойыны үшін басты жауапкершілік менің мойнымда. Ал Роналду наурыз айындағы кездесулерде өте жақсы нәтиже көрсетті, - дейді Мартинес.
Айта кетейік, Португалия құрамасы “Еуро-2024” чемпионатына іріктеу бойынша екі ойын өткізді. Екі кездесуді де жеңіспен аяқтады. Ал Роналду екі ойында да дубльмен көзге түсті. Енді команданың келесі ойыны 17-ші маусымға жоспарланған.
Инфляция қарапайым тілмен: Жалақы өзгермесе де, азық-түлік неге қымбаттайды
Инфляция азық-түлік бағасына қалай әсер етеді және жалақы өзгермегенде отбасы бюджетіне қалай салмақ түсіреді.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"


