Португал футболшысы аяғымен төрешінің басынан теуіп нокаутқа түсірді (видео)
Португалиялық аймақтық лигада өнер көрсететін “Канелас” клубының ойыншысы Марко Гонсалвеш матч арбитрын тізесімен бетінен теуіп, өмір бойына футболдан шеттетілді.
Бұл туралы Goal.com хабарлайды.
Марко Гонсалвеш дөрекі ойыны үшін қызыл қағаз алады. Бұл ойыншыға ұнамай, бірден төрешіге жүгіреді. Осы кезде іске өзге екі футболшы да араласып, Марко шыдамай төрешіге соққы жұмсайды. Қатты соққыдан төреші жерге құлап түседі.
“Қарсылас команданың ойыншысы менің анама тіл тигізді, сосын мен оны итердім. Ұрған жоқпын. Алайда құлап қалып, бала секілді жылай бастады. Егер мен шынымен дөрекі әрекет істесем, кешірім сұраушы едім. Бірақ мен кінәлі емеспін. Қарсылас мені балағаттады, және сол кінәлі”, – деді ақталған Гонсалвеш.
Оқи отырыңыз:
Тайванда бикини киген даяшылар мейрамхананың атағын шарықтатып жіберді (видео)
5 жасында жоғалып кеткен балақай 25 жылдан соң өз анасын іздеп тапты (фото, видео)
Отбасы жүкті болып қалған қыздарын 16 жыл бойы тыржалаңаш қамап ұстаған