Полиция WhatsApp мессенджерін қолданатын алаяқтық туралы ескертті
Жетісу облысында интернет-алаяқтардың WhatsApp мессенжерін пайдалану жағдайлары жиілеп кеткен. Олар сіздің атыңыздан жасалған банк операциялары жайлы мәлімдейді екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

WhatsApp мессенжерімен қоңырау шалған алаяқтар өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, қауіпсіздік және алаяқтықтықтан қорғау үшін аталған қосымша пайдаланылатынына сендіреді.
Мысалы, "Сіз онлайн несие алуға өтініш бердіңіз бе?", "Басқа қаладан карта ауыстыруға өтініш тіркелді", "Өтінімді растайсыз ба?", "Сіз Каспи және Халық банкінің клиентісіз бе?" және т. б.
"Егер сізге осылай қоңырау шалса, ешқандай мәлімет бермеңіз және әңгімені дереу тоқтатыңыз. Себебі банк қызметкерлері жұмыс қоңырауына WhatsApp мессенжерін қолданбайды. Күмән туындаған жағдайда қаскүнем болып көрінетін ұйымның ресми байланыс нөміріне қайта қоңырау шалыңыз, сондай-ақ 102-ге хабарласыңыз", – деп ескертеді Жетісу облыстық полиция департаменті.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті