Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция қызметкері өзіне оқ атқан: Павлодар облысында прокурор мен оның орынбасары жұмыстан босатылды

Павлодар облысында өзіне оқ атқан полиция қызметкеріне қатысты оқиғадан кейін аудан прокуроры мен оның орынбасары жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Прокурорларды жұмыстан босату туралы шешімді Павлодар облысы прокуратурасының тәртіптік комиссиясы қабылдаған.

"23 мамырда сағат 18.00-де Железин аудандық полиция бөлімінің аға тергеушісі Унбаев қылмыстық істерді тергеу барысын талқылау үшін прокуратураға шақырылғаны анықталды, сол уақытта ол кезекшілікте болған.

Әңгіме барысында прокуратура қызметкері Айтжанов оның қызметін сынға алған, нәтижесінде Унбаев табельдік қарудан оң иығына оқ атқан", – деді Павлодар облысы прокурорының орынбасары Марлен Сламбеков.

Оқиғадан кейін прокуратура қызметкерлері жедел жәрдем және жедел-тергеу тобын шақырған, бұл "102" және "103" қызметтеріне телефон қоңырауларының жазбаларымен расталады.

Қадағалау органы медициналық қорытынды және қосымша сот-химиялық-токсикологиялық сараптама бойынша аудан прокуроры Шугаев пен оның орынбасары Айтжановтың спирттік ішімдіктерді тұтыну фактісі анықталмағанын атап өтті.

"Қызметтік тергеу қорытындысы облыс прокуратурасының тәртіптік комиссиясында қаралды. 8 маусым қорытындысы бойынша Шугаев пен Айтжанов Ар-намыс кодексін бұзғаны үшін прокуратура органдарынан шығарылды. ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігі "өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеудің объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне берілді. Оқиғаныңмән-жайын, оның ішінде оқиғаның себептерін тергеу анықтайды", – деді Сламбеков.

Талқылау