"Менде де сондай жағдай болды": Ақтөбелік полиция қызметкері неге бөтен отбасының пәтерақысын төлегенін айтты

Үй иелері балалары бар отбасын қуып жібермекші болды. Учаскелік инспектор Бақтияр Жақыпов оларға пәтер жалдау үшін бір айын төледі. Қарапайым учаскелік полиция қызметкерінің іс-әрекеті егер отбасы оған инстаграм парақшасында алғыс айтпаса, назардан тыс қалар еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап.

Бүгін, 27 сәуірде учаскелік полиция қызметкері бәрі қалай болғанын, бейтаныс адамдарға 40 мың теңге төлегені туралы айтуға бел буды.

"23 сәуірде олар 102-ге қоңырау шалып, жалдаушыларға наразылық білдірді", - деп еске алады Бақтияр Жақыпов, "олар жас отбасы жалға берушілерге баспанаға төлемегенін айтып, оларға үйді босатуды сұраған. Мен оларды үйден шығарып жіберу тек сот шешімі негізінде мүмкін болатынын түсіндірдім. Мен пәтерге барып, бақылап көрейік дедім, мас немесе нашақор адамдар шығар деген оймен. Біз үйге кіргенімізде алдымыздан екі жасар қыз жүгіріп шықты, үйде ұйықтап жатқан нәресте де бар еді, ол бар болғаны 4 айлық еді. Олардың анасы күйеуі салық төлейтінін айтты, бірақ қазір елдегі жағдайға байланысты ол жұмыс істей алмайтынын және 42500 теңгеге өтініш бергендігін, бірақ ақша әлі түспегенін айтты.  Кішкентай балалары бар отбасының баратын жері болмады. Пәтер иесі пәтер үшін 40 мың төлеуді талап етті немесе тұрғын үйді босатсын деді, оларға тек 2 сағат уақыт бергенін айтты. Мен бұл жанұяны аяп кеттім, менде де осындай жағдай болған, мен де бір кездері пәтерде тұрдым. Мен пәтер иелеріне жалдамалы пәтер үшін 40 мың төледім. Әйел, әрине, таңырқап қалды, бірақ маған алғысын айтты", - деп болған жәйтті полиция қызметкері баяндады.

Бақтияр өз ісі туралы ешкімге айтпады. Біраз уақыттан кейін жалға алушы оған қоңырау шалып, инстаграм арқылы алғыс айту үшін оның аты-жөнін сұраған кезде де ол өзі жайлы айтқысы келмеген. Дегенмен, инстаграмда полиция қызметкеріне ризашылық білдіретін хабарлама пайда болды.

"Менің туған ағам алғыс білдірген хабарламаның сілтемесін жіберіп, бұл ісімді құптады", - деді Бақтияр. - Шынымды айтсам, мен мұндай даңқты қаламадым, тіпті өзімді ыңғайсыз сезіндім. Бұл қарапайым нәрсе, біз бір-бірімізге әрқашан көмектесуіміз керек. Серіктесім екеуміз жалақы алған кезде инстаграмдағы хабарламаларды қарап, науқас балаларға көмек сұрағандарға мүмкіндігінше көмектесіп, ақша аударамыз. Менің отбасым мені қолдады", - деді Бақтияр.

Бақтияр Жақыпов 28 жаста. Ақтөбе заң институтын бітірген, 2014 жылдан бастап учаскелік инспектор болып жұмыс істейді. Үйленген, балалары бар.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр