ШҚО-дағы полиция бөліміндегі кісі өлімі: Іске бірнеше полицияның қатысы анықталды
Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауылында болған кісі өліміне қатысты тергеу әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

Еске салайық, 17 қазанда ауылдық полиция бөлімінде 33 жастағы Азамат Оразалы қаза тапқан. Осы оқиғаға қатысты азаптау бабы бойынша іс қозғалды. Үш полиция қызметкері қамауға алынып, екі бөлім басшысы қызметінен босады.
Қазір тергеумен облыстық прокуратураның арнайы бөлімі айналысуда. Азамат Оразалының қалай мерт болғанын анықтау үшін қосымша сот медициналық сараптамалар нәтижесі де әлі белгісіз. Облыстық прокуратура тергеу толық аяқталмайынша, ақпарат таратпайтынын мәлімдеп отыр.
Қазақстан әскеріндегі шулы істер: Сарбаздар өлімі бойынша кімдер сотталды
Қоғамда үлкен резонанс тудырған және сот үкімімен аяқталған істерді жинадық
"Үйде нан бар деп күлді": Көршісінің шелпегін алмай қойған қыздың әрекеті желіде дауға ұласты
Оқырмандардың бірі "шелпектің қандай қолмен дайындалғанын кім білсін?" деп айтқан