Алматыда 300 ағашты себепсіз кескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Полиция Алматының Медеу ауданындағы Керей-Жәнібек хандар көшесіндегі 300 ағашты кесу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алматы қалалық Полиция департаменті бұл факт ҚР Қылмыстық кодекстің 340-бабы 1-бөлігі (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлайды. Тиісті сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Тергеуді Медеу аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр", – деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.
Бұған дейін, алматылықтар 300 түп ағаштың заңсыз кесілгенін айтып шағымданған болатын. Ағаштардың тұқымы мен түрлері әлі ресми анықталған жоқ. Ботаникалық бақ зертханалық зерттеу нәтижесін 3-5 күн ішінде ұсынады.
Алдын ала болжам бойынша Қазақстанның Қызыл кітабына енген сиверс алма ағаштары кесілген.
Талқылау
                            
                        
"Бағасы Еуропадан 10 есе төмен": Қазақстанға БАӘ, Ұлыбритания, Германиядан шетелдіктер медициналық көмек алуға келеді
Көптеген шетелдіктер кардиохирургия, онкология, стоматология мен чек-аптан өту үшін Қазақстанға келеді
            
                    
                
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен