Полицейлердің қолынан көз жұмған Джордж Флойдтың коронавируспен ауырғаны белгілі болды
Миннеаполисте полицейлер ұстау кезінде көз жұмған Джордж Флойд коронавируспен ауырған. Мұны тәуелсіз сот-медициналық сараптаманың нәтижелері көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Life shot Telegram-каналына сілтеме жасап.

Мәйітті ашып қарау барысында симптомсыз өткен коронавирус оның өліміне себеп болмағанын көрсетті. Дәрігердің қорытындысына сәйкес Джордж мойынына түскен қысымнан тұншығып көз жұмған.
АҚШ-та Миннеаполисте полиция қолынан көз жұмған Джордж Флойдтың өлімінен кейін наразылықтар басталды.
Ғаламторда полицейлер Флойдтың қолына кісен салып, оның мойнына тізесін қойғаны түсіп қалған видеолар пайда болды. Видеода Флойд дем ала алмай, тұншығып бара жатқанын бірнеше мәрте айтқан. Ол реанимацияда көз жұмды. Бұл оқиғадан кейін төрт полиция қызметкері жұмыстан босатылды, ал олардың біреуіне кісі өлтірді деген айып тағылды.
Шетелдіктер Қазақстанда тұру үшін тапсыратын қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: Ыхтиярхат ала алар ма едіңіз, тексеріп көріңіз
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады