"Полицейлер құжаттарды дәретханада қолданған": Полиция қызметкерлері кінәлілердің табылмағанын мәлімдеді
Полицейлер Павлодар облысы полиция департаментіндегі әжетханадан табылған құжаттарға қатысты тексеріс жүргізді. Алайда кінәлілер табылмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство өкілдері құжаттарды дәретханаға алып барған қызметкердің табылмағанын мәлімдеді. Сөздерінше, мұны анықтау мүмкін емес.
"Бейне бақылау камерасындағы жазбаны қарау еш нәтиже берген жоқ, себебі жазба тек 30 тәулік сақталады", – деп түсіндірді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Айта кетейік, 2022 жылдың сәуірінде алматылық адвокат қоқыс жәшігінде жатқан құжаттардың суретін жариялаған. Сөзінше, Павлодар облыстық полиция департаментінің ғимаратында қызметтік құжаттарды әжетхана қағазының орнына пайдаланған.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"