Полицейлер фармацевтикалық ұнтақты есірткі деп ойлап, ер адамды түрмеге қамаған
Аргентинада Максимилиано Акоста есімді азамат 21 күнге түрмеге қамалды. Оқиға Мендосадан Буэнос-Айреске бара жатқан автобуста болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Oddity Central порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: odditycentral.com
Мәліметтерге сенсек, автобусты тексеру кезінде оның жүгінен 18 қаптама фармацевтикалық тальк (ұнтақ) табылды.
Ер адам тальктің жеке пайдалану үшін екенін түсіндіргенімен, полиция оны есірткі тасымалдаушы деп күдіктенді. Жүргізілген тест ұнтақта кокаин бар екенін көрсеткен. Бұдан кейін Акоста тұтқындалып, туыстарына хабар берілместен түрмеге жіберілді.
Полицейлер ер адамды 2,5 келі есірткі тасымалдады деп айыптап, кейін қателескендерін мойындады.
Полиция Акостаны тұтқындағаннан кейін, оны 2,5 келіге жуық есірткі тасымалдады деп ресми хабарлама таратты. Алайда Акоста ұсталған ұнтақты қайта сараптамадан өткізуді талап етті. Екінші сараптама 21 күнге созылды, осы уақыт ішінде ер адам түрмеде отырды. Ал оның туыстары оның қайда екенін білмеді. Екінші сараптама ұнтақтың зиянсыз тальк екенін растағаннан кейін, Акостаны босатты. Бірақ полицейлер одан кешірім сұрамай оны жай ғана жолға тастап кеткен.
Полиция бұл жағдайды "адал қателік" деп сипаттап, "талькті жиі кокаинмен шатастырады" деп түсіндірді. Сонымен қатар Акостаның 21 күн түрмеде отырғанына ешқандай дәлел жоқ екенін мәлімдеді. Акостаның анасы оның 18 қаптама талькті Мендосадан сатып алып, Буэнос-Айреске қайта сату үшін апармақ болғанын айтты.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тың Техас штатында 20 жыл бойы түрмеде болып босап шыққан ер адам бір жарым айда екі адамды өлімнен аман алып қалды. Ол өмірінде болған оқиғаларға қарап өзінің өмір сүруге тұрарлық адам екенін түсінген. Джейкоб Белл 1996 жылы сотталған. Ұрлық жасағаны үшін ер адам 35 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ 20 жылдан соң мерзімінен бұрын шықты. Бостандыққа шыққаннан кейін ол өмірді түбегейлі өзгертіп, жақсы адам болуға шешім қабылдаған. Белл жұмысқа орналасып, заңға бағынатын өмір салтын ұстанды. Біраз уақыттан кейін ол өзінің өмірлік жарыменкездесіп, отбасын құрып, балалы болды.