Планшеттің балаларға қандай зияны бары анықталды
Лондон университеті мен патшалық колледждің ғалымдары балалардың күн сайын планшет ойнауы ұйқысын азайтатынын дәлелдеді. Мамандарды зерттеуі Scientific Reports журналында жарияланды.

Зерттеушілер 6 ай мен 36 айлық балалары бар ата-аналарға онлайн-тексеру жүргізді. Олар балалардың күндізгі және түнгі ұйықтайтын уақыттарын атады. Бүлдіршіндердің ұйқыға кетуіне де қанша уақыт кететінін айтып берді. Түнгі уақытта қанша рет оянатыны да есепке алынды.
Ата-аналардың 70 пайызы сенсорлы планшеттерді қолданатындар. Ал, балалардың 75 пайызы қолданады.
Ақырында смартфон мен планшетке көп қарайтын балалардың ұйықтау уақыты аз екенін анықталды. Смартфонға қараған әрбір сағат 15,6 минут ұйқыны азайтады. Сонымен қатар гаджеттер қолданатын балалардың ұйықтап кетуі қиынға соғатыны белгілі болды.
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады
Мысықты қинап ауызына насыбай тыққан: Әлеуметтік желіде таралған бейнероликке полиция жауап берді
Тик-токта мысықтың ауызына насыбай тыққан бала халықтың ашуын туғызды