"Пысық келіншектерге қызығамын": Айгүл Иманбаева үй тірлігіне араласпайтынын мойындады
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші, актриса Айгүл Иманбаева үй тірлігіне араласпайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/aigul_imanbayeva/
Өнер иесі үй тірлігіне үлгеретін қыз-келіншектерге қызыға қарайтынын жасырмады.
“Кеш жарық достар! Мына фотоға кәдігімгі үй шаруасына пысық айел болып түсейінші деп едім, болмай қалған сияқты. Барлық шаруаға үлгеретін пысық келіншектерге қарап қызығамы. Негізі үй шаруасына қатысты көп нәрсені әлі де үйрену керек екен.Себебі керек… Сіздер ше? Үй шаруасына пысықсыздар ма?”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншінің үй тірлігін білмейтініне таңданысын жасыра алмай жатыр.
“Үй тірлігін істейтін адам жалдап, өзіңіз сахнада жүре беріңіз”, “Осы жасқа дейін үй шаруасына икемі жоқ әйел бола ма екен", "Неге керек екен? Тұрмысқа шығайын деп жатырсыз ба?", "Сізде пысықсыз ғой", “Үйге де, балаға да, күйеуге де қарап, үлгеріп жатырмыз”, "Үйренерім көп деп мойындау да ерлік. Үйренудің еш кеші жоқ", "Демек тағы да отбасылы болу ойыңызда бар болып тұр ғой", –деп жазып жатыр көпшілік.
Еске салайық, өнер иесі жақында Англиядан білімін жетілдіріп, оралған еді.