Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пышақ сілтеп, шелекпен ұрған: Шымкентте анасы жасөспірім қызын аяусыз соққыға жыққан

Желіде жасөспірім қыздың аяусыз соққыға жығылғаны түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: otyrar.kz

Видеодан қолына пышақ ұстаған әйелдің жасөспірім қызға қарай пышақ сермеп, бетіне тақағанын көруге болады. Содан соң әйел жасөспірімнің бетіне бірнеше рет соққы жасап, басынан шелекпен ұра бастайды. Видеода оқиғаның осы жылдың 30 наурызында болғаны анық көрсетілген.

 

Шымкент қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Полицияның мәліметінше, жасөспірімнің әйелдің бірінші некесінен туған қызы екені анықталған. Қазір қыз әкесінің қамқорлығында. 

"Полиция қызметкерлері бейнежазбада көрсетілген тұлғаларды анықтады. Аталған факті бойынша 2024 жылдың 31 наурызында қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды", – делінген полиция хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін Сарыағаш ауданында жасөспірімнің аяусыз соққыға жығылғаны түсірілген видео тарағаны туралы жазған едік. 

Талқылау