Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлға келген шетелдіктерден ақы алу жобасы талқылануда

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап шетелдік азаматтар үшін Петропавлға бару ақылы болуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

петропавл

23 қарашада қалалық мәслихаттың "шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесін бекіту туралы" шешімінің жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер сайтында пайда болды.

Қалада шетелдік туристер саны 204,3%-ға артқан. Жоба соған қатысты талқыға түсті.

"Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының аумағында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесі бекітілді. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қалаға келу құнының 5%-ы", –  делінген жобада.

Петропавл әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Ғалымжан Абаевтың пайымдауынша, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңның 6-бабы 2-тармағының 2-10 тармақшасына сәйкес шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының құзыретіне жатады.

“Бұл мөлшерлеме 2021 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ресми статистикалық деректер негізінде бекітілді”, – делінді түсіндірме жазбада.

Талқылау