Петропавлдағы су астында қалған үйден ер адамның денесі табылды
Петропавлдағы Подгора ықшамауданын су басып қалған еді. Су тартылған соң үйлердің бірінен 34 жастағы ер адамның денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: t.me/petropavl_polisiasy
Әлеуметтік желіде тараған бұл ақпаратты Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті растады. Мәйітті сүңгуірлер тапқан. Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмады.
“Сәуірдің 13-і күні 34 жастағы қала тұрғынының із-түссіз жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті. 12 мамырда сүңгуірлер денесінде жарақаттары жоқ ер адамның денесін тапты. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді”, – деп мәлімдеді полиция.
Бұған дейін Петропавлда бөгет жарылып, қаланы су басып жатқаны туралы жазған едік.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?